5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Туған тілім тұғырым” тақырыбында 6-9 сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тіл білімінің негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу.