Текст
02.12.2025
Мектеп парламенті Президентін сайлау! Бүгін мектебімізде мектеп парламенті Президентін сайлау өтті. Президент лауазымына лайықты үміткерлер өз кандидатураларын ұсынды:
02.12.2025
Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің имиджін көтеру мақсатында 9, 10, 11-сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің әскери оқу орындарына түсу бойынша үгіт-насихаттық және түсіндіру жұмысы жүргізілді. Өткізген: АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы Осипов В.П.
02.12.2025
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Демалыс уақытында оқу» атты акция бастау алды! Акцияның мақсаты – оқушыларды күзгі демалысты пайдалы өткізуге, кітап әлеміне енуге, ой-өрісін кеңейтуге және оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруға баулу.
02.12.2025
Күзгі каникул жоспарына сәйкес 31 қазан күні Знаменка орта мектебінде 5–7 сынып оқушылары арасында тарих пәнінен интеллектуалдық ойын өтті. Мақсаты: 1. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту; 2. Оқуға деген уәждемесін арттыру; 3. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын қорытындысы бойынша 7-сынып оқушысы Матвеев Александр жеңімпаз атанды. Өткізген: тарих пәні мұғалімі Г.Бектемирова.
28.11.2025
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы аясында мектепте «Менің отбасым-менің қамалым» атты сурет байқауы өтуде.
21.11.2025
«Полиция және балалар – қауіпсіздік жолында» акциясы аясында, Бүкіләлемдік Балалар күніне орай 7–11 сынып оқушылары арасында үздік мазмұндама анықталды. Үздік жұмыс 7-сынып оқушысы Морозова Вероникаға, 10-сынып оқушысы Понарина Дианаға және 11-сынып оқушысы Ильенкина Каринаға тиесілі. Құттықтаймыз!
21.11.2025
Сабақ аяқталғаннан кейін сыныпта озон қалдықтарын кетіру үшін ағымдағы тазалау , 30 минут кварцтау және 15 минут желдету жүргізіледі . Мақсаты ағымдағы дезинфекция және жиілікті сақтау . ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін.
11.11.2025
10 қараша Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндігі " Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ " сайыс. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар ойлау, есте сақтау.
07.11.2025
10 қазан күні сағат 11:00-де 11-сынып оқушылары үшін 2026 жылғы ҰБТ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға ҰБТ өткізу ережелері, тест құрылымы, бағалау жүйесі мен дайындық бойынша ұсыныстар түсіндірілді.
07.11.2025
23 қазан күні 3–4 сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста бірінші тоқсанның қорытындысы, оқушылардың үлгерімі мен тәртібі, сондай-ақ каникул кезіндегі бос уақытын тиімді өткізу мәселелері қарастырылды. Ата-аналар белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдіріп, мұғалімдердің бастамаларын қолдады.