24 қазан – Қазақстан Республикасының күніне орай мектебімізде салтанатты жиын өтті. Жиын барысында мектеп парламентінің Президентінің инаугурациясы және оқушылардың «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануы өткізілді. Бұл маңызды күн – отансүйгіштік пен жауапкершіліктің, көшбасшылықтың айғағы болды. Оқушылар еліміздің лайықты азаматы болуға ант берді. Сонымен қатар, олимпиадаға, конкурстарға қатысқан оқушыларды марапаттап, мұғалімдерге алғыс хаттар ұсынылды.