23 қазан күні 3–4 сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста бірінші тоқсанның қорытындысы, оқушылардың үлгерімі мен тәртібі, сондай-ақ каникул кезіндегі бос уақытын тиімді өткізу мәселелері қарастырылды. Ата-аналар белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдіріп, мұғалімдердің бастамаларын қолдады.