Психология апталығы аясында 2-сынып оқушылары үшін «Менің көңіл-күйім» атты қызықты тренинг-сабақ өткізілді. Сабақ барысында балалар өз сезімдерін байқауды, оларды дұрыс жеткізуді үйреніп, «көңіл-күй картасымен» танысты және эмоционалдық сауаттылықты дамытуға арналған ойын тапсырмаларын орындады. Оқушылар өз көңіл-күйлерімен белсенді бөлісіп, өзін және өзгелерді түсінуді үйренді, көңіл-күйді жақсартудың қарапайым тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындады. Тренинг жылы, достық атмосферада өтіп, балаларға жағымды эмоциялар сыйлады.