10 желтоқсанда биология онкүндігі аясында "Менің туған өлкем"тақырыбында суреттер байқауы өтті Мақсаты: оқушылардың туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, өз өлкесінің табиғатын, мәдениеті мен тарихын бейнелеу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Міндеттері: - кескіндеме арқылы туған өлкенің табиғи байлығы мен сұлулығын көрсетуге баулу; - оқушылардың қиялын, көркемдік талғамын және эстетикалық мәдениетін дамыту; - патриоттық тәрбие, Туған жер үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; - балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру және дарынды оқушыларды анықтау; - қоршаған ортаға және экологиялық мәдениетке ұқыпты қарауды қалыптастыру.