Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған іс-шара өткізілуі туралы ақпарат.
Знаменка ОМ
18 ақпанда Знаменка орта мектебінде Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 30-жылдығына арналған іс-шара өтті, іс-шараға 1-11 сыныптар қатысты (67 оқушы).
Мерекеге жауынгер интернационалист Яцутко В.Я. шақырылды. 9-сынып оқушылары мерекеге орай өлеңдер оқып, әндер шырқады. БӘД мұғалімі Попович А.С. ұйымдастыруымен 11-сынып қыздарының қатысуымен қолмен күрес қимылдарын көрсетті. Знаменка ауылының әкімі Оспанов Б.К. ауған жауынгеріне аудан әкімінің атынан естелік алқасын, демеуші ш/қ «Стимул» Батуашвили И.Б. ауған жауынгеріне сыйлық табыстады. Знаменка ОМ директоры Болданова Г.Б. құттықтау сөзін сөйледі. Мерекеге ауыл тұрғындары мен ата-аналар қатысты.