Текст
2019 жылы 22сәуірде Зеренді ауданы стадионының базасында «Жастар – 2019» облыстық жастар арасында футбол жарысы өтті.
Футбол-дене шынықтыру мен денсаулықты нығайтудың ең қолжетімді, танымал құралдарының бірі болып табылады.
Біздің мектептен 4 спортшы бақтарын сынады. Олар, 10-сынып оқушысы Рахметов Сакен, 9-сынып оқушылары Павлюков Владислав, Сарсекеев Тамерлан, Ермуханбетов Алладан. Есіл қаласының командасы осы жарысты сәтті өткізіп, 2-ші орынға ие болды. Әрбір спортшы үшін жақсы дайындық нәтижесі кез-келген жарыстарға қатысып, нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Келесі жылы бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізеді деген үлкен сенімдеміз.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Истомина Ирина Станиславовна