Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2023 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 6;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 16;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 9.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0004.esil.aqmoedu.kz/ . Білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2023 жылы «Знаменка ауылының жалпы орта мектебі» КММ әлеуметтік желілерде ақпаратты жариялады. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде Аkmola.kz порталында жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар біліктілікті арттыру курстарынан өтті, әрі қарай білікті артып отыруды жалғастырамыз.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2024 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Знаменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.