Эссе
«Менің
Отаным»
Оқушының аты-жөні:
Гарькавченко
Вадим
Дмитриевич
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Альжанова Кульгайни Кошубаевна
Менің Отаным
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
Біздің ата – бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып, өмір сүрді. Сондықтан,
оны біз Отанымыз дейміз.
Отан – дегеніміз адамның туып – өскен жері,
туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені.
«Отан – от басынан басталады» - дейді халық.
Ұлы Отанымыз қандай тамаша! Оның байтақ
даласы, жасыл ормандары, халық дастарқанның ақ нанға толтыратын егістігі, суы
мөлдір өзендері, шағын ауылдары мен алып қалалары бәрі – бәрі кімді болсын
таңғалдырады. Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға барынша бай. Қазіргі
заманғы өнеркәсіпті өркендетуге қажетті қазба байлықтардың бәрі де бар.
Дербес, Тәуелсіз ел болу деген бақыт!